Атырау, 9 ақпан 17:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

​Қазақстанда 2025 жылы 13 мың шақырым жол жаңартылды

117 рет қаралды

2025 жылы Қазақстанда рекордтық 13 мың шақырым автомобиль жолдары құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Жол желісін ауқымды жаңарту еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарының біріне айналды.

Нәтижесінде республикалық жолдардың 94%-ы техникалық нормативті жағдайда.

Ішкі шекарадағы өткізу пункттерін модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу пунктін аяқтау жоспарлануда. 

Жол саласын цифрландыруға ерекше назарда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша e-Joldar шеңберінде жолдардың цифрлық паспорттары қалыптастырылуда, олар жолдардың техникалық жай-күйін, қозғалыс қарқындылығын және пайдалану параметрлерін орталықтандырылған түрде есепке алуды қамтамасыз етеді. 

Жыл сайын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, жол диагностикасы жүргізіледі. 

Жол төсемін сақтау үшін 220 бірлікке дейін автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жалғасуда. Қазіргі таңда оның 71 бірлігі іске қосылған.

Бүгін, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.