Атырау, 9 ақпан 17:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

​Сот некеге мәжбүрледі деген жалған видео үшін Алматы тұрғынына айыппұл салды

104 рет қаралды
Сурет: Instagram @alm.obl.sud
Сурет: Instagram @alm.obl.sud

Алматы облысының Қарасай ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша азаматша К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта 2026 жылғы 15 қаңтарда шамамен сағат 20:00-де азаматша К. «TikTok» әлеуметтік желісінде өзіне қатысты ұрлап кету фактісі орын алғаны жөнінде бейне жазбаны жариялағаны анықталды. Аталған бейнежазба әлеуметтік желі парақшасында таралып, қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызу белгілері бар бейнематериал ретінде ұсынылған.

Сот отырысында азаматша К. өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны көп қаралым жинау мақсатында салғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін түсіндірді.

Іс материалдарын зерделей келе, сот азаматша К.-ның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ, алайда әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар деген қорытындыға келді.

Сот қаулысымен азаматша К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Азаматша К. әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны және жасаған әрекетіне өкінетінін ескере отырып, айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, түпкілікті төлейтін сома 60 550 теңгені құрады.

Бүгін, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.