Атырау, 9 ақпан 17:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Жамбыл облысында анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберді

121 рет қаралды

Құқық қорғау органдары екі жасөспірімге қатысты адам өлтіруге оқталу дерегін тергеп жатыр.

HALYQSTAN дерегінше, оқиға Төле би даңғылындағы жатақханалардың бірінде болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, 36 жастағы әйел өз үйінде отырып, бесінші қабаттан 2021 жылы туған қызын және 2023 жылы туған ұлын әдейі терезеден лақтырып жіберген.

Балалар аман қалды. Олар шұғыл түрде Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, екі бала да жабық бас-ми жарақатын және ми ісінуін алған. Үлкен қыздың жамбас сүйегі сынған. Оларға қажетті операциялар жасалды, ал қызға қосымша ота жоспарланып отыр.

Оқиға алдында әйел мен күйеуі арасында жанжал болғаны анықталды. Әйелдің соңғы жылдары қатты бас ауруынан зардап шеккені айтылды. Ол балаларын лақтырғаннан кейін өзі секірмек болған, бірақ райынан қайтқан.

Полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі («Кәмелетке толмағандарды өлтіруге оқталу») бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, 2025 жылы Павлодарда да ана екі баласын терезеден лақтырып, өзі секірген еді. Сол кезде бір бала қаза тапқан. Кейін әйел психикалық жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған болатын. 

Бүгін, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.