Атырау, 9 ақпан 16:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

​Жалған қызмет пен жемқорлық: Маңғыстауда денсаулық сақтау саласында бюджет қаржысы жымқырылды

114 рет қаралды
ЖИ шығарған сурет
ЖИ шығарған сурет

Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады, денсаулық сақтау саласындағы миллиондаған бюджет қаражатын жымқыру схемасы әшкереленді.

Тексеру барысында жалған медициналық қызметтер көрсету, денсаулық сақтау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеу жағдайлары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары анықталды.

Атап айтқанда, ұйымдардың бірін тексеру барысында 600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды. Бақылау органының анықтағаны бойынша, алушылардың банктегі деректемелерін ауыстыру арқылы қаражаттар заңсыз алынып, аффилирленген шоттарға аударылған.

Сондай-ақ көрсетілмеген қызметтер, жеткізілмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар үшін ақы төлеу деректері анықталды.

Аталған мән-жайлар бойынша Маңғыстау облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оларды арнайы прокурорлар жүргізуде.

Қадағалау ведомствосы өңірдегі денсаулық сақтау саласында тексерулер жалғасатынын, ал кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылатынын атап өтті.

Бүгін, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.