
Оқу-жаттығу кезінде әскери AH-1S Cobra тікұшағы апатқа ұшырады. Вертолёт Сеул маңындағы Капхен қаласында құлаған, деп хабарлайды АА.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, ұшақ апатты қону рәсімін орындау жаттығуы барысында әуеге көтерілген. Алайда жаттығу кезінде тікұшақ құлап, борттағы екі әскери қызметкер ауруханада көз жұмды.
Билік өкілдері апат кезінде өрт немесе жарылыс болмағанын атап өтті. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері арнайы тергеу арқылы анықталмақ.
В Атырау -10