
Алматыда ресейлік танымал стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы NEGE хабарлайды.
Стримерлер әлеуметтік желіде қазақ қыздарына қатысты балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық танытқан. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы әкімшілік іс қозғады.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамдық тәртіп нормаларына қайшы келетін арсыз сөздер қолданған.
«Жиналған материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Сот шешімімен екі азаматқа да 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды», – делінген полиция хабарламасында.
В Атырау -10