
Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Елнұр Бейсенбаев Кентауда туған, жоғары білімді. 2008 жылы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша, ал 2010 жылы осы жоғары оқу орнының магистратурасын бітірген.
2006-2012 жылдары «Жастар Үні» қоғамдық бірлестігінде басшылық қызметтерді атқарды, оның ішінде ұйымдастыру бөлімінің кеңесшісі және ұйымның жастар қанатының төрағасы болды.
2012-2015 жылдары Алматы қаласындағы № 48 мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі, сондай-ақ Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Алматы қалалық филиалының идеология және насихат жөніндегі хатшысы болып жұмыс істеді.
2015-2017 жылдары Алматы қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімін басқарды, кейін осы басқарманы басқарды.
2017-2018 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі, 2020-2021 жылдары Jas Otan жастар қанатының төрағасы болды.
2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты болды, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамында болды.
2023 жылы AMANAT партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды.
В Атырау -10