Атырау, 9 ақпан 11:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

QazaqGaz және NCOC басшылығы Қашағандағы ГӨЗ құрылысының қарқынын тексерді

Бейнежазба
69 рет қаралды

QazaqGaz басшылығы және Қашаған кен орнын пайдаланушы оператор – NCOC – Қашағандағы газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылыс алаңына барды.

Делегацияны QazaqGaz басқарма төрағасы Әлібек Жамауов пен NCOC басқарушы директоры Джанкарло Рую басқарды.

Кеңес барысында GPCI компаниясының профильді мамандары мен мердігер ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен мердігерлер құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы өзекті ақпаратты ұсынды және ағымдағы жылдың соңына дейін жобаның негізгі кезеңдеріне қол жеткізу жоспарлары туралы баяндалды.

Әлібек Жамауов  ресурстарды жұмылдыру бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ құрылыс қарқынын одан әрі жеделдету қажеттігін атап өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуы қатаң бақылауда екенін айта келе, өндірістік процестерді оңтайландыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, оның ішінде түнгі ауысымға ерекше назар аударылуы қажеттігі айтылды. 

Анықтама: Құрылыс алаңына 1500-ден астам маман жұмылдырылған. Тікелей персонал саны - 981. Түнгі ауысымда 96 жұмысшы еңбек етеді. 346 дана құрылыс техникасы жұмыс істейді. Құрылыс алаңында қауіпсіз еңбек жағдайларына, соның ішінде түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

 Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ілгерілеу (ҚМЖ): 

  •  Іргетас жұмыстары, металл конструкцияларын, қызмет көрсету алаңдары мен технологиялық конструкцияларды монтаждау жалғасуда;
  •  Құбырдың өрт желісін монтаждау, қалыптарды орнату және іргетастарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыртқы инженерлік желілер (НВК-2) бойынша қайта толтыру және топырақ қазу жұмыстары жүргізілуде;
  •  Сфералық резервуарларда дәнекерлеу жұмыстары аяқталды, 10 резервуардың 8-і термоөңдеуден өтті;
  •  Титулдар мен эстакадаларда металл конструкцияларын монтаждау және сырлау жұмыстары жалғасуда;
  •  №3 тарату қосалқы станциясында сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары аяқталды;
  •  Вахталық қалашық аумағында кіру топтары, НВК алаңішілік желілері бойынша жұмыстар, электр монтаждау жұмыстары және әлсіз токты желілер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, қабырғаларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер: 

  •  Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 58 928 м3 (прогресс 77,3%)
  •  Металл конструкцияларын монтаждау: 9 257 тонна (45,9%)
  •  Механикалық жабдықты монтаждау: 4 690 тонна (47,8%)
  •  Резервуарларды орнату: 1 863 тонна (92,6%)
  •  Жерасты құбырларын төсеу: 24 910 м (54,2%)

Сапар аясында Әлібек Жамауов Атырау облысында орналасқан Eskene сұйытылған газ терминалының (LPG) құрылыс барысымен танысты. Нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда, оның ішінде іргетастарды орнату және құбырларды төсеу, газ құбырында дәнекерлеу жұмыстары және сұйытылған мұнай газының резервуарларын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Зауыт қондырғыларын құрастыру және пайдалануға беру үшін қажетті технологиялық жабдықтар жеткізілуде. Бір мезгілде қосалқы станцияға арналған алаңды жайластыру бойынша жер қазу және дайындық жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ цех жағдайында дәнекерленген құбыр байламдарын дайындау жүргізіледі.


Бүгін, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.