
Атырау облысында өткен жылы еңбек заңнамасын бұзған жұмыс берушілерге жалпы сомасы 38,8 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыстық департаменті басшысы Игілік Әубәкіров брифингте хабарлады.
Департаментке 3 549 өтініш түскен, оның 3 060-ы заң аясында қаралып, шешім қабылданды.
333 тексеріс жүргізіліп, 353 заңбұзушылық анықталды.
201 жұмыс берушіге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Құқық бұзушылықтарды жою үшін 225 нұсқама берілді. 54 жазатайым оқиға тіркеліп, 8 адам қаза болды.
Оқиғалардың басым бөлігі қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болған.
Міндетті сақтандырумен қамту деңгейі – 71%.
2025 жылы 45 кәсіпорыннан 115 млн теңге жалақы қарызы өндіріліп, 184 жұмысшының құқығы қорғалды.
Қазіргі таңда 11 кәсіпорын 90 қызметкерге 43,1 млн теңге жалақы қарыз.
Электрондық еңбек шарттарын енгізу, әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру көзделіп отыр.
Бұл деректер еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы мемлекеттік бақылаудың күшейгенін және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына ерекше назар аударылып отырғанын көрсетеді.
В Атырау -10