Атырау, 6 ақпан 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46

​БЖЗҚ: Жүз мыңдаған салымшы зейнетақы төлемдерін рәсімдемеген

122 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстанда 130 миллиард теңгеден астам зейнетақы жинағы иесіз қалып отыр. Бұл туралы БЖЗҚ lsm.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Қордың мәліметінше, ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша салымшылар БЖЗҚ-дан шамамен 130,4 миллиард теңге алмаған. Бұл қаражат иелерін негізгі үш санатқа бөлуге болады.

Бірінші топ — зейнет жасына жеткен, бірақ төлем тағайындау үшін өтініш білдірмеген қазақстандықтар. Олардың саны 82 568 адамды құрайды, ал жинақтарының жалпы көлемі — 22,7 миллиард теңге.

Екінші санатқа елімізден тыс жерлерге тұрақты тұруға (ТТЖ) көшіп кеткен азаматтар кіреді. Олардың саны — 172 489 адам болса, зейнетақы жинақтарының сомасы 49,4 миллиард теңгені құрап отыр.

Үшінші топ — қайтыс болған деп есептелген 295 640 адам. Олардың 58,3 миллиард теңге сомасындағы зейнетақы жинақтарын мұрагерлері талап ете алады.

БЖЗҚ мамандары иесіз қалған қаражаттың есептен шығарылмайтынын баса айтты. Олар жеке зейнетақы шоттарында есепке алына береді, сондай-ақ алушылар немесе олардың мұрагерлері өтініш бергенге дейін инвестицияланып, инвестициялық табыс әкеледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2021 жылдан бері қазақстандықтардың 121 миллиард теңгеден астам зейнетақы жинағын жеке инвестициялық портфель басқарушыларына бергені хабарланған болатын.

Бүгін, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.