Атырау, 29 наурыз 11:58
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Мұнайға баймыз деп мақтанғанша жанармайдың қымбаттауын тоқтатып алсақшы». «Досаев Әбденовтiң кебiн кие ме?». «Мақпалды қақпайлап, эфирден өткiзбей жатқан кiм?». «Бекірені аулауға тыйым салды». «”Қазақ тілін білмейсің бе? Былш еткізіп бетке ұрады!”».

2 074 просмотра

ZHASALASH.KZ  «“Қаталдар” мен “ымырасыздардың” пародиясы» - “Рейтинг.кз” деп аталатын зерттеу агенттiгi Қазақстанның шендi-шекпендiлерiнiң тiзiмiн түзiп, қаталдық пен ымырасыздық жөнiнен кiмнен кейiн кiм тұрғанын анықтауға тырысыпты.

«Мұнайға баймыз деп мақтанғанша жанармайдың қымбаттауын тоқтатып алсақшы» - Қазақстанда бензин бағасы қайта көтерiлдi. 110 теңгеден ендi 117 теңгеге секiрдi.

«Жердегiнi жинап алмай, менiкi деуге болмайды» - Биылғы егiннiң шығымы былтырғы жылы құрғақшылықтан қарызға бел­шесiнен батқан диқандар үшiн үлкен демеу болғалы тұр.

«Досаев Әбденовтiң кебiн кие ме?» - Өткен жұма күнi мәжiлiсте шұғыл жиналыс болып, қоғамда шу тудырған салық заңы қайта таразыланды.

«Мақпалды қақпайлап, эфирден өткiзбей жатқан кiм?» - Басшылық жақтан “Марат Омаровты, Сейфуллин Жолбарысты, Қайрат Нұртасты және Мақпал Жүнiсованы эфирден көрсетпейсiңдер!” деген тапсырма түскен.

AIKYN.KZ  «Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы: шындығы мен келешегі» - Орыстілділер балаларын қазақ мектебіне береді. Өйткені мемлекеттік тілді меңгерсін дейді. Керісінше, қазақтілділер балаларына орыс тілін үйретіп әлек.

«Бекірені аулауға тыйым салды» - Каспий теңізінің судағы биоресурстары бойынша комиссия аясында бекіре тұқымдас балықтарды аулауға бесжақты мораторий енгізу мәселесі пысықталуда. Қазақстан оны аулауға ендігі тыйым салды.

«Мұнай өндіру 80 миллион тоннаға жетті» - «Жергілікті мазмұн» тек мұнай-газ компанияларының сатып алатын тауарлары мен тұтынатын қызметтерін ғана қамтымайды. Бұл жерде олардың жұмысшылары мен лауазымды қызметкерлерінің қатарында отандық мамандардың үлесінің неғұрлым басым болуы да маңызды. 

ABAI.KZ. «”Қазақ тілін білмейсің бе? Былш еткізіп бетке ұрады!”» - Мақала авторының жазуына қарағанда, Қазақстанда қазақша білмейтін өзге ұлт өкілдері, әсіресе, славян тектестер зәбір-запа шегіп жүрген көрінеді. Қазақ тілін білмейтіндерді қазақтар бас салып сабайды екен. Былш еткізіп бетке ұрады екен.

«Поветкин-Кличко: Еуразия мен Еуроодақтың жекпе-жегі» - Бірді айтып бірге кететін «көпвекторлықты» жақсы көретін қазақпыз ғой. Осы тұста мынаған тоқталғым келеді. «Неге біздің телеарналар дәл осындай халықты бір рухтың астына жинайтын үздік нәрселерді қайталап көрсетпейді?» деген ойға қаласың. Әлде, көрсетуге лайық адам жоқ па?

«35 000-дай аса құнды тарихи дерек табылды» - Әлемнің он төрт мемлекетінде қазақ ұлттық тарихын зерделеуге үлес қосып жүрген 28 ғалым бар екен.

TURKYSTAN.KZ. «Бұзақы банкир құрықталды» - Қызметкер қызға қыр көрсетем деп қоқаңдаған банкир 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл қалтасы қалың басқа байшыкештерге сабақ болса, игі.

AZATTYQ.ORG. «”Терроршы” деп айыпталғандардың екеуі – бала» - Атырауда «терроршы» деп айыпталғандардың туыстары «сот әділетсіз өтіп жатыр», «айыпталушыларды қинады» деп шағымданады. Ал сот пен ІІД үкім шыққанша ақпарат бермейтіндерін айтады.

«Пастор Вячеслав Ли депортацияланды» - Қазақстанда сегіз жыл заңды тұрған протестант пасторы әкімшілік заң бұзғаны үшін депортацияланды. Сарапшылардың айтуынша, мемлекет қолдайтын ислам мен православие ағымдарынан басқа діни ұйымдарға қысым күшейіп келеді.

«"Әблязов дауы" мен Латвиядағы виза саясаты» - Латвия ел экономикасына ақша салған инвесторларға оңайлатылған жолмен Шенген визасын беруді шектемек. Оған себеп - шетелдік инвесторлардың төңірегінде дау-дамай көбейіп кеткен.

8 қазан 2013, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.