Атырау, 5 ақпан 17:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

Жұмыссыз азаматтарға арналған тегін кәсіби оқыту курстары басталды

121 рет қаралды

Өңірде жұмыссыз азаматтарға арналған тегін кәсіби оқыту курстары іске қосылды. Биыл бағдарлама аясында 55 адам еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша білім алады. 

Оқыту аккредиттелген оқу орталықтарының базасында жүргізіледі. Бағдарлама токарь, аргондық дәнекерлеуші, инертті газ ортасында қолмен дәнекерлеу, бұзылмайтын бақылау, сондай-ақ жарылуға төзімді электрлік және бақылау-өлшеу құралдарын инспекциялау мен аудиттеу бағыттарын қамтиды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасановтың айтуынша, жоба аясында Жылыой ауданының тұрғындарына ерекше басымдық берілген. Бұл ауданнан 12 адам оқуға жолданды.

Курстар қаңтар–сәуір айлары аралығында өтеді. Қатысушылар теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды меңгеретін болады. Бағдарлама мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылып, аймақтағы жұмыссыз азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

Бүгін, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.