Атырау, 3 ақпан 18:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

Атырау облысында жүктер мен малды заңсыз​ тасымалдау деректері анықталды

88 рет қаралды

Қаңтар айындағы рейдтер мен профилактикалық шаралардың қорытындысын патрульдік полиция жариялады.

Автожолдарда жүргізілген тексерістер барысында заңсыз жүк тасымалдау және жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері тіркелді.

19 қаңтарда Кульсары – Бейнеу трассасының 121-шақырымында тоқтатылған «Газель» көлігінен құжатсыз аккумуляторлар табылып, Жылыой аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

23–25 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» акциясы кезінде Доссор – Құлсары жолында жүргізуші тиісті санатсыз «Газель» көлігін басқарғаны анықталды. Ол бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айып тұрағына қойылды.

«Скотокрадство» республикалық шарасы аясында да заңсыз мал тасымалдау деректері тіркелді: Toyota Hilux көлігінен төрт қой, ал «Газельден» үш түйе құжатсыз шықты. Барлық материалдар Жылыой аудандық полициясына жолданды.

30 қаңтарда тағы да екі көліктен – Toyota Estima және Toyota Camry – құжатсыз балық өнімдері мен жылқы еті табылып, тәркіленді.

Полиция жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға, жүк пен малды тек тиісті құжаттармен тасымалдауға шақырады.

Бүгін, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.