Атырау, 27 сәуір 09:02
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Бізді не күтіп тұр және не істеу керек?». «Несиесі бар мұсылман құрбан шалуға бола ма?». «Қызмет көрсетушілер неге жиі таяқ «жейді»?». «Біз осы кімбіз?». «ТМД экономикасы бәсеңдеуде». «Қызтекеге тыйым салайық!».

2 196 просмотра

MASA.KZ. «Хиллари Клинтон кедендік одақ туралы не деп еді?» - АҚШ үкіметінің Еуразиялық одақ жобасына неліктен қарсы болып отырғанын түсіну қиын емес.

ULT.KZ.  «Бізді не күтіп тұр және не істеу керек?» - Ал енді қазір осы тілімізге де, жерімізге де қауіп төніп тұр деуге болады.

«2050: Үміт пен күдік Ендігі елу жылда әлем қандай болмақ?» - Әлем қазіргі таңда инновациялық және технологиялық өзгерістерге қауырт дайындық үстінде.

«Оқулықтардағы оспадарсыздықтар» - Ал, біздің қазақ мектептеріне арналған қай пәннің де оқулығын оқыған сәбилеріміз  күні ертең не сөйлесе де тек орысшадан тікелей аударма жасап сөйлейтін, көрген-білгенін өз ана тілінде жетік, ұғымды, өз бояуымен жеткізіп бере алмайтын дүбәра болып шыға ма деп қорқатын болдық.

HALYKSOZI.KZ.  «Қолдан келсе қоныштан бас!» - Қанша тыраштанса да еліміздің кез-келген қаласынан тауықтың күркесіндей болса да баспаналы болу «қара сирақ» қазақ үшін қол жетпес арман боп тұр.

«Несиесі бар мұсылман құрбан шалуға бола ма?» - Құрбан шалатын әрбір мұсылманның күнделікті тұтынатын дүниесінің сыртында нисап мөлшерінде қаржысы болу керек.

«Қызмет көрсетушілер неге жиі таяқ «жейді»?» - Бұл дұрыс қылық емес, әрине. Кез келген біреу келіп кез келген компания қызметкерін бас салып ұра берсе, неміз қалады?

ABAI.KZ.  «Денсаулықтың саясатқа қандай қатысы бар?» - Денсаулықтың саясатқа тікелей қатысы бар. Себебі дені сау қоғам өз елінің мемлекеттілігін нығайтуға, оны гүлдендіруге, дамытуға, жетілдіруге және қорғауға қабілеті болады.

«Біз осы кімбіз?» - Бәсекеге қабілетті ұлт ретінде тайталасқа түспес бұрын, әрбір ұлт өзінің кім екенін, әлеуеті қандай екенін, өзгелерден қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін бағамдайды.

«Діни ұғымдарды тар шеңбермен шектеудің апаттарын көріп отырмыз» - Соңғы 65 жылда өткен сайлауларда партиялардың тағдырын олардың діни жамағаттармен келіссөздері шешкен.

AIKYN.KZ  «“Едіге” эпосы қай ұлттың мұрасы?» - «Едіге» тарихи-қаһармандық эпосы Алтын Орда ыдырамастан бұрын шыққан. Сондықтан «Едіге» эпосы түркі халықтарына ортақ мұра болып табылады.

«ТМД экономикасы бәсеңдеуде» - Еуразиялық даму банкі «ТМД макромониторында» деген өзінің кезекті есебінде достастық елдерінің экономикасы жайында көңіл көншітпейтін ақпараттарды жариялап отыр.

ALASHAINASY.KZ. «Адыра қалған ауыл бар Азғыр деген» -  Астана тұрмақ, аудан орталығынан алыста орналасқан Азғыр ауылының әлеуметтік мәртебесі әлі күнге анықталмай келеді. Өткен ғасырдың 60-жылдары 17 рет жерасты сынақтары жүргізілген бұл елді мекеннің ішкені – ірің, жегені желім болып отырған жайы бар. Үкімет үнсіз.

JASQAZAQ.KZ.  «Қызтекеге тыйым салайық!» - Халқымыздың даналығында көзге көрінетін жаудан емес, көзге көрінбейтін жаудан сескен деген сөз бар.

«Рысқұловты әлі толық танығанымыз жоқ» - «Рысқұловтың мақсаты орындалғанда түркілердің жай-күйі мүлдем басқаша болар еді».

«Маркс елесі кезіп жүр» - Қазақ ойшылдарының кеңестік дәуірде бағаланбауының ең басты себебі – олардың марксизм арқылы өлшенуі болды.

7 қазан 2013, 08:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.