Атырау, 30 қаңтар 22:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

Өндіріс уақытша тоқтады: Теңіздегі апат KPI жұмысына әсер етті

92 рет қаралды

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС пропанды ыстық айналым технологиясы арқылы ексіздендіру және пропиленді полимерлеу өндірісі уақытша тоқтағанын хабарлады.

Бұған себеп – «Теңізшевройл» компаниясындағы апат салдарынан пропан жеткізілімінің тоқтауы.

KPI компаниясы кәсіпорынның тоқтап қалу қаупін азайту үшін балама шикізат көздерін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, басқа жеткізушілерден шамамен 11 мың тонна пропан алу көзделуде.

Қазіргі уақытта KPI алаңындағы қоймаларда (буллиттерде) 3 364 тонна пропан бар.

Компания өкілдері атап өткендей, жекелеген өндірістік процестер уақытша тоқтағанына қарамастан, кәсіпорында дайын өнім қоры жеткілікті. Бұл қазіргі сұранысты қамтамасыз етіп, клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.

Бүгін, 21:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.