Атырау, 30 қаңтар 22:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

Атырау облысында адам саудасына тосқауыл қойылды

Бейнежазба
87 рет қаралды

Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Стоп трафик» атты жедел-профилактикалық шара өткізді. 

Оның барысында жезөкшелікпен айналысатындар мен жеңгетайлық қызмет көрсететіндер анықталып, полицияға жеткізілді. Оларға заң талаптары мен құқық бұзушылықтың салдары түсіндіріліп, алдын алу әңгімелері жүргізілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағында ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған қатысу және жезөкшелікке арналған орындар ашу деректері бойынша 21 қылмыстық іс тіркелді.

Жастар мен жасөспірімдер арасында адам саудасының зардаптары мен жеке қауіпсіздік мәселелерін түсіндіру мақсатында лекциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және түрлі акциялар өткізілді. Бұл шаралар жергілікті атқарушы органдар мен білім беру мекемелерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Полиция департаменті басшылығының айтуынша, аталған бағыттағы жұмыстар бақылауда және алдағы уақытта жалғасады.

Бүгін, 21:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.