Атырау, 30 қаңтар 16:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

​Шымкент тұрғындарына газға төлеген 80 млн теңге қайтарылады

59 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның өңірлік өндірістік филиалына қатысты тергеп-тексеру жүргізді.

Тергеп-тексеру барысында филиалдың өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану нәтижесінде 1755 тұтынушының заңды құқығы бұзылғаны анықталды

Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесі бойынша компанияға бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарын жою туралы нұсқама берілді. Бастапқы жағдайды қалпына келтіру мақсатында тұтынушылардың пайдасына 80,9 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілмек.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті QazaqGaz Aimaq Жетісу өндірістік филиалы басшысының ұсталғанын растаған болатын.

Бүгін, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.