Атырау, 30 қаңтар 14:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

​QazaqGaz Aimaq басшысына қатысты ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр

103 рет қаралды
Сурет: qazaq24.com
Сурет: qazaq24.com

Жетісу облысындағы QazaqGaz Aimaq АҚ өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалиға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл ақпаратқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та Айбек Ерғалидің ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Алайда ҰҚК баспасөз қызметі бұл мәліметті нақты растаған жоқ және жоққа да шығармады.

Комитеттің мәлімдеуінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеуге қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, 21 қаңтарда Айбек Ерғали қызмет орнында болып, газ бағасын қалыптастыру және төлем есептеу тәртібі бойынша брифинг өткізген.

QazaqGaz Aimaq АҚ — QazaqGaz ұлттық компаниясының еншілес ұйымы және елдегі ең ірі газбен жабдықтау компанияларының бірі.

Бүгін, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.