Атырау, 30 қаңтар 12:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

Жаңаөзенде тағы бір резонанстық қылмыс орын алды

103 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Жаңаөзен қаласында 44 жастағы әйел - жеті баланың анасы өлтірілді, олардың бесеуі кәмелетке толмаған. Қайғылы оқиға 29 қаңтарда болды, деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті хабарлағандай, әйел пышақ жарақатынан қайтыс болған. Қылмыс жасады деген күдікпен оның күйеуі ұсталды.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал орын алып, ол қайғылы аяқталған.

Болған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бұған дейін Жаңаөзенде жас дәрігер жұмыс орнында пышақ жарақатынан қаза болғаны хабарланған болатын.

Бүгін, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.