Атырау, 29 қаңтар 11:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Жаңаөзенде жас дәрігерді жұмыс орнында пышақтап кетті

124 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қайғылы оқиға 28 қаңтар күні қаладағы медициналық мекемелердің бірінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, аурухана дәлізінде екі ер адамның арасында жанжал туындап, салдарынан олардың бірі дәрігерге пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Lada.kz.

Алған жарақатынан 29 жастағы дәрігер оқиға орнында көз жұмды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлағандай, оқиғаға отбасы-тұрмыстық жанжал себеп болған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған.

Адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Байқаусызда тараған бейресми ақпарат бойынша, жанжалға қызғаныш себеп болуы мүмкін.

Бүгін, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.