Атырау, 29 қаңтар 19:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

​Атырауда түзеу мекемесіндегі өрттен екі сотталушы уланды

108 рет қаралды

Естеріңізге сала кетсек, 24 қаңтарда облыстық ерлер түзеу колониясында өрт оқиғасы болған еді.

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, оқиғаға электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Оқиға салдарынан екі сотталушы жеңіл дәрежеде уланған. Оларға медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.

ҚАЖД өрттің жедел түрде сөндірілгенін, сотталушыларды эвакуациялау жүргізілмегенін және мекеме штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады.

Кейін Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барған кезде екі қабатты ғимараттың шатыры ашық отпен жанғаны тіркелгенін растады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.