
24 қаңтар кешкісін Атыраудағы ерлер түзету колониясының барагында өрт шықты. Дереккөзге сәйкес, шамамен сағат 17:20-да бір ғимараттың шатырынан от тұтанған.
Сотталғандар қауіпсіздік мақсатында басқа барактарға көшіріліп, мекемеге кіретін жолдар уақытша жабылды. Өрт салдарынан сотталғандардың бірі күйік алған.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері жұмыс істеуде.
Өрттің шығу себептері анықталуда.
Кейінірек ТЖД ресми түсініктеме берді:
«Бүгін Атырау облысы ТЖД-ның 112 пультіне Атырау қаласының Тасқала ауылындағы түзету мекемесінің шатырынан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Бөлімшелер келген кезде екі қабатты ғимараттың шатыры ашық жанып жатқаны анықталды. Өрт шыққан сәтте ғимаратта адамдар болмаған, олар кешкі серуенде жүрген. Қаза болғандар жоқ. ТЖД күшімен өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері нақтылануда».
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -10