Атырау, 29 қаңтар 17:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

​OrdaMed-тің басшысы Еркін Длімбетовке іздеу жарияланды

115 рет қаралды
«OrdaMed» АҚ-ның басшысы Еркін Длімбетов/ Сурет: ordamed.com
«OrdaMed» АҚ-ның басшысы Еркін Длімбетов/ Сурет: ordamed.com

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті OrdaMed компаниясының басшысы Еркін Длімбетовке іздеу жариялады.

44 жастағы OrdaMed негізін қалаушыға қатысты бағыттама Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдардың порталында жарияланды. Іздеу ісі 28 қаңтарда Астана қаласында тіркелген.

Іздеуге бастамашы болған және тиісті шараларды жүзеге асырушы орган ретінде ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көрсетілген. Ресми дереккөздерде басқа мәліметтер әзірге хабарланған жоқ.

Бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетісот санкциясымен компанияның бірнеше бұрынғы және қазіргі басшыларының ұсталғанын мәлімдегенболатын. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.