Атырау, 29 қаңтар 13:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Мұз үстіндегі түрлі талаптар: Атырау тұрғындары бірыңғай тәртіпті қалайды

95 рет қаралды

Өткен аптада әуесқой балықшылар фестивалі кезінде ТЖД қызметкерлері қатысушылар мен тұрғындарды мұзға шығудың қауіпті екенін айтып, өзенге жібермеді.

Демалушыларды кері қайтарды, балықшылардан мұздан кетуді сұрады, кейбірін тіпті жағалаудан қуып шықты.

Алайда сол күні кешке мүлде басқа көрініс байқалды. Облыс әкімдігі ғимаратының қарсы бетінде адамдар мұзға еркін шығып, дөңгелекпен сырғанап, ойнап, балаларымен уақыт өткізді. Ол кезде ешқандай шектеу де, төтенше қызметтің араласуы да байқалмады.

Кейінірек, куәгерлердің айтуынша, тағы да адамдарды мұздан кетуге шақырған, бірақ көп ұзамай жағдай қайта өзгерді — тұрғындар өзенге қайта шығып, ешкім оларды тоқтатпады.

Тұрғындарда «мұнда қандай қисын бар және шешімдер қандай принциппен қабылданады? Егер мұз қауіпті болса, неге біреулерді қуып, басқаларды тоқтатпайды? Ал егер қауіпсіз болса — фестиваль кезінде неге шектеу қойылды» деген заңды сұрақтар туындап отыр.  

Әзірге мұзға қатысты әртүрлі көзқарастардың себебі туралы ресми түсініктеме берілген жоқ. Атыраулықтар болса, «қос стандартсыз», баршаға ортақ әрі түсінікті ережелерді көргісі келеді.

Айгүл МАНСУРОВА 

Суретті түсірген автор

Бүгін, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.