Атырау, 16 қазан 13:37
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

«АҚШ-та 16 қазақстандық алаяқтық жасады деген күдікке ілінді». «Іле Алатауы паркіндегі қырғын туралы істің жұмбақтары». «Мен бұлай деп мәлімдеме жасаған жоқпын». «Kaspi Bank төңірегіндегі дау басылмай жатыр».

2 596 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «АҚШ-та 16 қазақстандық алаяқтық жасады деген күдікке ілінді» - 3 қазан күні АҚШ-тың Калифорния штатында салық төлемдеріне қатысты ірі алаяқтық туралы іс бойынша сот тыңдауы өтуі тиіс. Айыпталушылардың арасында қазақстандық студенттер бар.

«Іле Алатауы паркіндегі қырғын туралы істің жұмбақтары» - Іле Алатауы ұлттық паркіндегі қырғыннан кейін Саян Хайыров атты күдікті тұтқындалды. Оны террористік топтың жетекшісі деген де болжамдар бар. Хайыровтың соты Алматыда өтіп жатыр.

«”Ресейдегі 1993 жылғы оқиға Қазақстанға да сабақ болды”» - 1993 жылы күзде Ресейде билік тармақтары арасындағы келіспеушілік конституциялық дағдарысқа ұласты. Қазақстандықтар көрші ел басшыларының сол кездегі әрекетін әрқилы бағалайды.

AIKYN.KZ «Енді ректорлар да оқиды» - Парламент Білім және ғылым министрлігі алдына мемлекеттік тілде оқыту ісіне мықтап, әрі шындап кірісу туралы қатаң талап қойды. Мәжілісте БҒМ-ның алдағы үш жылғы бюджетінің жобасы қаралған болатын.

«Ойран 17 қазанда бола ма?» - АҚШ бюджеті әлі заңдастырылған жоқ. Президент Обама ұсынған жобаны сенат үш рет мақұлдап, конгреске жіберсе де конгресс оны осымен үшінші рет кері қайтарды.

«”Бизнестің жол картасы – 2020” неге орындалмайды?» - Депутат Азат Перуашев: «Бизнестің жол картасы – 2020»-ның орындалмай қалу қаупі бар - бұрын мақұлданған 406 жоба мемлекеттік қаржыландыруды алмады», - деді Мәжілістің пленарлық отырысында.

JASQAZAQ.KZ. «Бір, екі, үш» - Әңгіме мүмкіндігі шектеулі азаматтар жайында. Бізде олардың үш тобы бар. Әрбірінің өз мәселесі көп. Әрбіріне мемлекеттен берілетін жәрдемақы көлемі де әртүрлі.

MINBER.KZ.  «Мен бұлай деп мәлімдеме жасаған жоқпын» - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ мырза «Қытайға жалға жер беремін» депті деген сөз Қазақстан БАҚ-тарында қызу талқыға түскен еді.

«”Қытай арманы” дегеніміз не?» - «Қытай арманын» жүзеге асыруға бүгінгі ҚХР-ның «күш-қуаты жеткілікті» екеніне шүбә жоқ.

ZHEBE.COM  «Ұлтшылдардың басын кім біріктіре алады?» - Рас, қазіргі таңда тәуелсіз мемлекет болып, өз тізгініміз өзімізге тиді. Әйтсе де әлі де бола «әттеген-айлардан» арыла алмай келеміз. Мысалы тіл, діл, дін мәселесі кез келген қазақты алаңдатады.

«Алашқа қызмет еткен қазақ ақсүйектері» - ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ қоғамының мемлекеттік құрылымын жаңа, әрі өркениеттілік тұрғыда қалпына келтіруге тырысқан Алаш қайраткерлерінің ел ішінде сенім артқан әлеуметтік тірегі қазақ байлары болғаны талас тудырмайды.

«Татарлар ресейден құн сұрамақ» -  «Еске алу күніне» орай татарлар  Ресей Федерациясы  басшылығына бұл күнді ресми түрде  мойындау талабын  қойып жатыр. Чаллы  қаласындағы «Жалпы татар  қоғамдық  орталығының» белсенділері Ресей билігінен татар және Еділ бойындағы өзге халықтардан ресми түрде кешірім сұрауды талап етіп отыр.

«Ердоғанның “демократияландыру пакеті”» Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның өзі бұл құжаттың «төңкерісшілердің ұйқысын қашырып, бұқараны күлдіретіндігін» айтты.

SERKE.ORG.  «Kaspi Bank төңірегіндегі дау басылмай жатыр» -  Адвокат Андрей Деркунскийдің айтуынша, Kaspi Bank акционері Вячеслав Ким барлық кеңесте үнемі «Мен бұл елде барлығына соншама ақша төктім, сондықтан мен бұл жерде ешкімнен де қорықпаймын» деп қайталайтын...

 

 

 

 

4 қазан 2013, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.