Атырау, 27 қаңтар 14:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.79
€ 595.07
₽ 6.56

Атырауда браконьерлерге 31,7 млн теңге айыппұл салынды

Бейнежазба
99 рет қаралды

2025 жылы Атырау облысында балық аулауға қатысты 2200-ден астам заңбұзушылық анықталды. 

Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының дерегіне сәйкес, 10 браконьерлік іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, жалпы сомасы 31,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Инспекцияның баспасөз хатшысы Рүстембек Қорқытовтың айтуынша, өткен жылы ихтиологиялық мониторинг жүргізіліп, балық аулауды реттеу шаралары қолға алынған. 

Сонымен қатар көктемгі су тасқынынан кейін Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы оқшауланған, қыста қату қаупі бар су айдындарынан балық шабақтарын құтқару жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде тұқы тәріздес балықтардың 43,3 миллион шабағы сақтап қалынды.

Инспекция өкілдері балық аулау ережелерін сақтау тек әкімшілік жауапкершіліктен құтылу емес, сонымен бірге өңірдің экожүйесін қорғауға қосылатын маңызды үлес екенін атап өтті.

Бақылау шаралары жалғасуда, ал ережелерді жүйелі түрде бұзатындарға қатысты қатаң шаралар қолданылмақ.

Бүгін, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.