Атырау, 26 қаңтар 19:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты: ҚМГ мен CITIC Construction жаңа кезеңге қадам басады

99 рет қаралды
Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі
Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «CITIC Construction Co., Ltd.» Директорлар кеңесінің төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті.

Тараптар Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру барысын талқылады. 2025 жылдың соңында компаниялар бұл жоба бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Құжат жобаның құнын бағалауды, жабдықтар жиынтығын және ынтымақтастық бағыттарын айқындайды. Жобалық құжаттаманы әзірлеу кезеңіне көшу (FEED), оңтайлы техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді іздеу үшін алдағы іс-шараларға қатысты уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Қазіргі уақытта ҚМГ және CITIC Construction мамандары газ өңдеу зауытын салудың ерте құрылыс жұмыстарын жан-жақты пысықтауда. ҚМГ басшысы жобаны іске асырудың басты талаптарын дайындау аясында белгіленген мерзімді сақтаудың маңызын атап өтті.  

Сонымен қатар кездесуде CITIC Construction компаниясының еліміздегі басқа да газ жобаларына қатысу мүмкіндігі қаралды.  

ҚазМұнайГаз басшысы атап өткендей, компания Қытай компанияларымен өзара тиімді байланыстарды нығайтуға ерекше мән береді. CITIC тобы ірі жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар ҚМГ-ның ұзақ жылғы стратегиялық серіктесі екенін ескере отырып, барлық негізгі бағыт бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.

Бүгін, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.