Атырау, 27 шілде 03:49
 дождьВ Атырау +33
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Бөкейханда жаңа әкім сайланды

Сурет
869 рет қаралды

25 қаңтар күні Құрманғазы ауданына қарасты Бөкейхан ауылдық округінде әкім сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізімінде 1 106 адам болды, оның ішінде 645 адам дауыс беруге келді. Үйден тыс жерде дауыс бергендер саны – 18. Ал «барлығына қарсы» деген жолды 15 сайлаушы белгіледі.

Сайлауға үш үміткер қатысты. Ең көп дауыс жинаған – Амангелді Ғалиханов. Ол 391 дауыс алды. Қалған екі үміткер – Артур Өтепов 130 дауыс, Қадірбек Уаһап 102 дауыс жинады.

Нәтижесінде Бөкейхан ауылдық округінің әкімі болып 1972 жылы туған Амангелді Ғалиханов сайланды. Ол өзін-өзі ұсынған, ауылдық округ әкімдігі аппаратында бас маман болып жұмыс істейді және Бөкейхан ауылында тұрады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қаңтар, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.