
Атырау қаласы мәслихатының төрағасы болып Ақылбек Құлбарахов сайланды.
Құлбарахов Ақылбек Нұрболатұлы 1988 жылы Атырауда дүниеге келген.
Ол Атырау политехникалық колледжінде «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығын меңгеріп, кейін Атырау мұнай және газ институтын үздік тәмамдаған. Сондай-ақ Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университетінде білім алған.
2010–2014 жылдары өндіріс саласында еңбек еткен ол 2014 жылдан бастап «Bek Consulting», «Bek Industry Group», «Bek Engineering» және ПТК «ВЕК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін құрды.
2023 жылдың сәуірінен бастап Атырау қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты болып, Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияда жұмыс істеп келеді.
Енді ол қалалық мәслихат төрағасы ретінде Атыраудың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын болады.
В Атырау -10