Атырау, 23 қаңтар 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

Атырауда жүргізуші итті қағып кеткені үшін емес, телефон қолданғаны үшін жазаланды

125 рет қаралды

Қаңтардың басында әлеуметтік желілерде бір видео тарады. Онда жүргізуші жолда кетіп бара жатып итті қағып кетеді де, күліп жолын жалғастырады. Бұл жағдай көпшіліктің ашу-ызасын туғызған еді.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, жүргізушінің кім екені бейнежазба жарияланғаннан кейін бірден анықталған.

Оның айтуынша, жүргізуші жолдағы жағдайды және көктайғақты түсіріп келе жатқан, ал итті қағып кетуі кездейсоқ болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексергенде иттің өлі денесі табылмаған. Куәгерлер де иттің оқиғадан кейін қашып кеткенін растаған. Сондай-ақ иттің бұралқы екені анықталған, ал полицияға жануарға қатыгездік жасалды деген арыз түспеген.

Нәтижесінде жүргізушіге тек көлік жүргізіп келе жатып телефон қолданғаны үшін әкімшілік жаза берілді. Бұл оны алаңдататындықтан, жол-көлік оқиғасының орын алуына себеп болуы мүмкін.

Полицияның айтуынша, бұдан қатаңырақ жаза қолдануға негіз болмаған.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.