Атырау, 23 қаңтар 18:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

Атырау облысында электр энергиясына шектеулер енгізілді

103 рет қаралды

Атырау және Маңғыстау облыстарында электр энергиясын өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты жүйелік шектеулер енгізілді. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

Энергияны үнемдеу мақсатында 23–30 қаңтар аралығында Атырау қаласында түнгі көше шамдары сағат 21:00-ден бастап қосылады.

Ал мына көшелерде жарық қалыпты режимде жұмыс істейді: Атырау–Доссор тас жолы, Әбілқайыр хан даңғылы, Бейбарыс көшесі, Тайманов көшесі, Азаттық даңғылы, Сәтбаев көшесі, Махамбет көшесі, Құрманғазы көшесі, Баймұханов көшесі.

Қала билігі тұрғындардан түсіністік танытуды сұрап, қараңғы уақытта жол қозғалысы кезінде барынша абай болуға шақырды.

Бүгін, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.