Атырау, 22 қаңтар 19:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

​Жылу маусымы басталғалы Атырау облысында 52 өрт тіркелді

97 рет қаралды

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары Рәтбек Демеуберген баспасөз брифингінде мәлім етті.

Оның айтуынша, өртің басым бөлігі жеке тұрғын үйлер мен ауладағы моншаларда болған. Негізгі себептер – электр желісіндегі қысқа тұйықталу және жылыту пештерін пайдалану талаптарының сақталмауы. Өрттен бір адам қайтыс болып, тағы бір адам күйік жарақатын алған

Сонымен қатар табиғи газдан уланудың тоғыз дерегі тіркеліп, оның 3-еуі өліммен аяқталған.

ТЖД атап өткендей, жылу маусымы кезінде тұрғын үй секторында қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды. Департамент тарапынан полиция және газ қызметімен бірлесіп күнделікті профилактикалық рейд жүргізеді. Осал топтағы азаматтардың үйлеріне 400-ден астам газ және түтін дабылқаққыштары орнатылды.

Сондай-ақ облыс тұрғындарына 112 нөмірі арқылы қауіпсіздік бойынша СМС-хабарламалар жолданып, білім беру ұйымдарында арнайы сабақтар мен жаттығулар өткізілуде. «Көмек қолы», «Өзіңді тексер – қауіпсіз бол» акциялары аясында осал топқа жататын адамдардың тұрғын үйлерінде пештер мен газ жабдықтары тексерілді.

Департаментте қосымша хабарлағандай, күннің күрт суытуына байланысты автокөліктегі өрт оқиғалары да тіркелген. Осыған орай тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады. 

Кез келген төтенше жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу қажет екенін ескертті құтқарушылар. 

Бүгін, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.