Атырау, 19 желтоқсан 00:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Царнаевтың адвокаттары сотқа шағым түсірді». «Әбілязовтың жағдайы қалай?». «Нетаньяху Руханидi “қой терiсiн жамылған қасқырға” теңедi». «Білім министрлігі бала санын білмей ме?».

1 644 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Царнаевтың адвокаттары сотқа шағым түсірді» - "АҚШ-тағы Бостон марафонындағы жарылысты жасады" деп айыпталған Джохар Царнаевтың адвокаттары оны қамауда ұстау шартын жеңілдетуді сұрап, сотқа шағымданды.

«Софроний әкейді депортацияламау шешімі сенсацияға баланды» - Алматы облыстық соты Іле аудандық сотының Ресей азаматы, миссионер Софронийді елден шығару туралы шешімін жойды. Құқық қорғаушылар мұны ақылға қонымды іс деп атады.

«Ресейдегі 1993 жылғы дағдарыстың басты кейіпкерлері» - Ресейде осыдан 20 жыл бұрын болған конституциялық дағдарыс қарулы қақтығысқа ұласып, оның соңы парламент ғимаратының өртенуіне себеп болды.

«”Экстремизм” анықтамасына алаңдау күшейді» - Адам құқықтарының ахуалына қатысты халықаралық ұйымның сынынан соң Қазақстан билігі «олардың айтқанын тыңдағанмен, керегін өзі таңдайтынын» мәлімдеді.

ZHASALASH.KZ  «Просвириндердi Путин сөйлетiп отыр ма?» - Аты да, заты да бiртүрлi “Спутник и Погром” сайтының Facebook әлеуметтiк желiсiндегi парақшасында Егор Просвирин деген пәтшағар өз құсығын өзi жептi.

«Нетаньяху Руханидi “қой терiсiн жамылған қасқырға” теңедi» - Ол Иранның президентi Хасан Руханидiң АҚШ-ты конструктивтi келiссөзге шақырғанына сенбейтiнiн айтты.

«Мерейтойдың мiндетi» - Абылай ханның тұсында өзiн “еркекпiн” деп санайтындардың бәрi де ұлтқа, ұлттың мүддесi мен ұлттың бостандығына қызмет еткен.

«Марченко кеттi, Келiмбетов келдi» - Елiмiздiң бас банкирi Григорий Марченко “отбасылық жағдайына байланысты” өз өтiнiшiмен қызметiнен кеттi.

«Төте тартқан тез жетедi» - Қаржымызға салынған әуежаймен қатынас жоқ.

MASA.KZ. «Қаппаровтың қажетсіздік қағидасы» - «Албасты қабаққа қарап басады» дейтін ата сөзі өміріміздің өлшеміне айналып, әсіресе, қолына билік, тақымына тақ тигендер лезде кешегі кем-кетік күнін ұмытып, халықтың қазынасын қарпып шайнап, қапсыра қылғытатын болды.

SERKE.ORG.  «Әбілязовтың жағдайы қалай?» - Франция түрмесінде жатқан БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовқа қатысты сот 5 желтоқсанда басталады.

ALASHAINASY.KZ. «Белоруссия Президенті ортақ валюта енгізуге қарсы» - «Біз ортақ ақша енгізу дәрежесіне жеткен жоқпыз, оның қажеттілігін де сезінбейміз».

«Білім министрлігі бала санын білмей ме?» - Жаңа оқу жылының басталғанына бір айдан астам уақыт өтсе де, оқулық іздеп сабылған ата-аналар өте көп.

AIKYN.KZ «Сатқындардың саяси соғысы» - Екінші дүниежүзілік соғыстың аласапыран жылдарында қаншама адамның өмірі қиылды. «Батыр бір оқтық», талай боздақтар елі үшін, отан үшін басын оққа байлады. Ал шыбын жанын сақтап қалу үшін тағдырын тәлкекке айналдырып, Отанын сатқан опасыздар қаншама?

3 қазан 2013, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.