
Атырау қаласы әкімінің өкімімен әкім орынбасары қызметіне Әбдісаттаров Ердос Ғаниұлы тағайындалды.
Ердос Әбдісаттаров 1994 жылы дүниеге келген. 2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2024 жылы «Болашақ» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
2015–2019 жылдары «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында индустриялық-инновациялық жобалар департаментінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша консультанты, агроөнеркәсіп жобалар департаментінің жетекші менеджері, инвестициялық бөлімнің бас менеджері, активтерді басқару бөлімінің бас менеджері, мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарған.
2019 жылғы мамыр айынан 2025 жылғы наурыз айына дейін «Нур-Назар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарды.
Тағайындалғанға дейін 2025 жылғы наурыз айынан бастап Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
В Атырау -7