
Әлеуметтік желілерде Атыраудағы түнгі барлардың бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, жанжал әуелі дәретханада басталған. Екі ер адам бір адамға шабуыл жасап, олардың бірі ерекше қатыгездікпен соққы жасаған.
Жәбірленушінің жағдайы белгісіз болып отыр, ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы әзірге түсініктеме бермеді.
Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаны растады: төбелес 18 қаңтарда болған. Сол күні «102» пультіне хабарлама түскен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, қылмыс жасады деген күдікпен 32 және 33 жастағы екі адамды ұстады.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша «Бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -7