
«Атамекен» ҚР ҰКП-ның басқарушы директоры – мұнай-газ секторының директоры болып Бауыржан Жақсылықов тағайындалды, деп хабарлайды petrocouncil.kz.
Ол мұнай-газ секторы, қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту және саладағы жергілікті қамтуды ілгерілету мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Бауыржан 1991 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2015 жылы "Экономика және бизнес магистрі" мамандығы бойынша Қаржы академиясын үздік бітірген. 2023 жылы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетін "Мұнай және газ саласындағы Executive MBA" мамандығы бойынша үздік бітірді.
Еңбек жолын 2014 жылы Мұнай және газ министрлігінде, Энергетика министрлігінде, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде бастаған. Мұнай-газ саласындағы жалпы еңбек өтілі 12 жыл, оның ішінде 6 жылдан астам басшылық қызметтерді атқарды. Соңғы қызметі – мұнай-газ секторы департаменті директорының орынбасары.
Мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық медальдармен марапатталған.
В Атырау -5