Атырау, 21 қаңтар 17:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

Теңізде мұнай өндірісі тоқтады: үзіліс бірнеше аптаға созылуы ықтимал

124 рет қаралды

Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орны – Теңізде өндіріс әлі қалпына келген жоқ. Сала мамандарының айтуынша, өндіріс кемінде тағы 7–10 күнге дейін тоқтап тұруы ықтимал. Бұл жағдай Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) арқылы экспорт көлемінің қысқаруына әсер етеді, деп хабарлады Reuters-ке сала дереккөздері.

Жобаның операторы «Теңізшевройл» компаниясы Теңіз және Королевское кен орындарындағы өндірістің уақытша тоқтағанын растады. Себеп – электрмен жабдықтау жүйесіндегі ақау.

«ҚазМұнайГаз» дерегінше, 18 қаңтарда ГТЭС-4 электр станциясында өрт шығып, екі турбиналық трансформатор зақымданған. Бұл өндірістік процестердің толық тоқтауына әкелді.

Саладағы дереккөздерге сүйенсек, кейбір сценарийлер бойынша мұнай өндіру жұмыстары ақпан айының басына дейін қайта басталмауы мүмкін.

Бүгін, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.