
Оңтүстік Кореяның бұрынғы премьер-министрі Хан Док Су бүлікке қатысқаны үшін 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Сеулдің Орталық аудандық соты 21 қаңтарда осындай үкім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости,
Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылғы 3 желтоқсанда елде әскери жағдай енгізуге көмектескен. Хан Док Су сол кезде экс-президент Юн Сок Ёльге Мемлекеттік кеңес отырысын шақыруды ұсынған және министрлерді жедел жиналуға шақырған. Сондай-ақ оған кейіннен жасалған жарлыққа қол қойып, оны жойғаны және оның мазмұнын білмегенін айтып жалған куәлік бергені тағылған.
Арнайы прокуратура бұрынғы премьердің әрекеттері рәсімге заңдылық сипат беруге бағытталғанын атап өтіп, оған 15 жыл сұраған еді. Алайда сот 23 жылға үкім шығарды. Бұл – елде көтеріліске қатысу, ұйымдастыру немесе оған көмектесу бойынша қозғалған істердің алғашқысы.
Юн Сок Ёльге қатысты іс әлі қаралуда. Оған әскери жағдай енгізу кезінде әскер мен полицияны парламентті қоршауға жұмылдыру, депутаттардың дауыс беруіне кедергі келтіру және парламент спикері мен партия жетекшілерін қамауға алу туралы бұйрық берген деген айып тағылған. Бұл іс бойынша үкім ақпан айының басында шығуы мүмкін.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Оңтүстік Кореяда өлім жазасы заң жүзінде сақталғанымен, іс жүзінде 1997 жылдан бері қолданылмай келе жатқанын еске салды.
В Атырау -10