Атырау, 21 қаңтар 14:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

Атырауда ​учаскелік инспекторлардың жүктемесі және өзекті мәселелері талқыланды

Бейнежазба
109 рет қаралды

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев Атырау қаласындағы №2 учаскелік полиция пунктінің жұмысымен танысты.

Polisia.kz хабарлауынша, кездесу барысында учаскелік инспекторлардың күнделікті қызметі, жүктемесі және өзекті мәселелері талқыланды.

Департамент басшысы инспекторлармен ашық форматта пікір алмасып, олардың ұсыныстарын тыңдады. Ол тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыруда учаскелік полиция қызметінің маңызы зор екенін атап өтті.

«Президент заң мен тәртіп мемлекет пен қоғамның басты қағидатына айналуы керектігін айқындады. Полиция қызметі азаматтардың мүддесіне бағытталып, ашықтық пен қолжетімділік негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Тұрғындардың өтініш-шағымына жедел ден қою, профилактикалық жұмыстарды күшейту және сенімді диалог орнату – басты міндетіміз», – деді Оңал Бекеев.

Сонымен қатар пункттің материалдық-техникалық жағдайы, қызметтік тәртібі және профилактикалық жұмыстардың сапасы қаралды. Тұрғындармен кері байланысты күшейту, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша нақты міндеттер жүктелді.


Бүгін, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.