Атырау, 21 қаңтар 14:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

Медициналық қызметті лицензиялаудың жаңа тәртібі енгізілмек

82 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардың қызметін бақылауды күшейту және көрсетілетін көмектің сапасын арттыру мақсатында лицензиялау жүйесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

2026 жылдан бастап мерзімсіз лицензия орнына 5 жылдық лицензия енгізіледі. Әр бес жыл сайын медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуеті, материалдық-техникалық базасы және қызмет сапасы қайта бағаланатын болады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін алғашқы үш жыл ішінде тексеруге тыйым салу нормасы алынып тасталады.

Бұл қадағалау шарттарын теңестіруге және жүйелі бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Президент тапсырмасы аясында министрлік қаржы мониторингі агенттігімен және басқа уәкілетті органдармен бірлесіп, ТМККК және МӘМС шеңберінде қызмет көрсететін жеке медициналық ұйымдарды кешенді тексеру жүргізеді. Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы бағаланады.

Қазақстанда медициналық қызметке лицензиясы бар 22 905 денсаулық сақтау субъектісі тіркелген. Оның ішінде 8 803 мемлекеттік және 14 102 жеке ұйым бар.

Бүгін, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.