Атырау, 21 қаңтар 13:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

​Ресейдегі су тасқыны қаупіне байланысты Жайыққа су жіберу көлемі көбейді

113 рет қаралды

Ресейдің Орынбор облысында 15 қаңтардан бастап Елек су қоймасынан су жіберу секундына 90 текше метрге дейін көбейтілді. Бұл шара су қоймасын босату және көктемгі су тасқынын қабылдауға дайындық үшін қабылданды.

Хабарланғандай, су жіберудің бұл режимі 10 ақпанға дейін күшінде болады. Осыдан кейін мамандар гидрологиялық жағдайға қосымша талдау жүргізіп, одан әрі шешім қабылдайды.

Жайық өзенінің ағысы бойынша жоғарыда — Башқұртстан мен Челябі облыстарында күзде соңғы жылдардағы орташа көрсеткіштен екі есе көп жауын-шашын түскені атап өтілді. Бұл көктемдегі судың келу көлеміне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Бұған дейін, 16 желтоқсанда Елек су қоймасы су жіберу көлемін екі есеге — секундына 30-дан 60 текше метрге дейін көбейткен болатын. Ол кезде судың келуі секундына шамамен 26 текше метрді құрады.

Бүгін, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.