
2026 жылғы 26 қаңтардан бастап «Ақ шағала» шағын ауданында жаңа аялдама пайда болады: № 1, № 6, № 30 және № 64 бағыттағы автобустар енді «Жайық Бином» мектебі маңында тоқтайды.
Бұл шешім оқушылардың, ата-аналардың және мектеп қызметкерлерінің қатынауын жеңілдету үшін қабылданғанын қала әкімдігі хабарлады.
Сонымен қатар, мектепке іргелес жол бірбағытты қозғалысқа ауыстырылмақ. Әкімдік өкілдері жүргізушілер мен жолаушыларды жаңа ережелерді ескеріп, жол белгілерін сақтауға шақырады.
Қалалық билік түзетулердің басты мақсаты — әлеуметтік нысандарға қолжетімділікті арттыру және қауіпсіздікті күшейту екенін атап өтті.

В Атырау -14