Атырау, 20 қаңтар 20:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -14
$ 509.63
€ 592.34
₽ 6.54

Атырау облысында прокурордың жаңа ​орынбасары тағайындалды

112 рет қаралды

Атырау облысының прокуратурасында жаңа кадрлық тағайындау болды. 

Облыс прокурорының орынбасары қызметіне Арман Алтайұлы Мұқанбетқалиев кірісті. Бұл туралы Информатор KZ телеграм-арнасы хабарлады.

Ол бұған дейін Атырау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасын басқарған. 

Мұқанбетқалиев 1979 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Саратов мемлекеттік құқық академиясын және Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін тәмамдаған, заң ғылымдарының PhD докторы. 

Прокуратура органдарында 20 жылдан астам еңбек етіп келеді, қызметін 2001 жылы Орал қаласының прокурорының көмекшісі болып бастаған. 

Соңғы үш жылда облыстық прокуратурада басқарма басшысы ретінде жұмыс істеді. Қызмет барысында мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 

Бүгін, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.