
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында жаңа Парламенттің жұмыс тәртібі мен рәсімдеріне қатысты ұсыныстарын жариялады.
Мемлекет басшысы заң қабылдау процесі үш кезеңнен тұратынын атап өтті:
- Депутаттар заң жобасын жалпы мақұлдайды;
- Өзгерістерді бекітеді;
- Соңғы шешім ретінде заңды қабылдайды.
«Осылайша біз Парламент қызметін түбегейлі қайта құру арқылы саяси реформаларды жалғастырамыз. Мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтып, Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптастырамыз», — деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, жаңа құрылым әділетті қоғам құрудың берік негізіне айналады. «Парламенттік реформа еліміздің әлеуетін арттырып, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қарқынын күшейтеді. Мен бұған кәміл сенемін», — деп толықтырды ол.
Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылдық мерзімге сайлау көзделіп отыр.
В Атырау -14