
Сүйіндік ауылы маңында адамдардың жоғалып кеткені туралы хабар түскеннен кейін құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарын бастады.
Аудан орталығынан шамамен 250 шақырым қашықтықта жүргізілген операция нәтижесінде жоғалған азаматтармен байланыс орнатылып, олар қауіпсіз жерге жеткізілді.
Қайтар жолда құтқарушылар аудан орталығынан 150 шақырым жерде қарға батып қалған бірнеше автокөлікті қар құрсауынан шығарып, жүргізушілерге көмек көрсетті.
Арнайы автокөлікпен қар құрсауында қалған жеңіл машинадағы төрт студент Құрманғазы ауылына жеткізіліп, туыстарына табысталды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бұл оқиға құтқарушылардың жедел әрекеті мен кәсіби дайындықтарының арқасында азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз еткенін көрсетеді.
В Атырау -16