Атырау, 19 қаңтар 20:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -16
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Атырау облысының жол қызметтері күшейтілген режимге көштіі

105 рет қаралды

14–17 қаңтар аралығында Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жауған қар, боран, қатты жел және көктайғақ салдарынан көлік қозғалысына қауіп төнді. 

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Атырау облыстық филиалы қызметкерлері қысқы күтіп-ұстау, жолдарды жедел тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстарын күшейтілген режимде ұйымдастырды. Бұл туралы «Жол активтері сапасның ұлттық орталығы» РМК АОФ директоры Аслан Дюсенов айтты. 

«Филиал инженерлері жыл басынан бері республикалық жолдарға 12 рет тексеріске шықты. 13 инерттік материалдан сынама алынп, филиалдың жол зертханасында сынақ жүргізілді. Нәтижесінде сынамалардың барлығы нормативтік құжаттамаға сәйкес екені анықталды. Дегенмен, 18 ақау анықталды. Олар тайғақтық, қысқы кезеңдегі су өткізгіш құбырлардың жабылмауы, қисық иінді қоршаулардың майысуы», - дейді А.Дюсенов.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Атырау облыстық филиалы директоры Ардақ Қайреденовтың айтуынша, «ҚАЖсервис» ЖШС Атырау облыстық филиалының жол бойындағы қызметі тәулік бойы жұмыс атқарды.

Қысқы маусымға дайындық аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін 6800 м³ тайғаққа қарсы материал және 4150 тонна техникалық тұз және 46 бірлік арнайы техника дайындалған. Қолайсыз ауа райы кезінде шамамен 660 тонна тайғаққа қарсы материал пайдаланылып, 32 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары KAZ09 «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы», KAZ12 «Атырау – Орал», KAZ11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Ақтау теңіз порты», сондай-ақ KZ06-02 «Махамбет – Хамит Ерғалиев» және KZ06-03 «Доссор айналма жолы» бағыттарында жүргізілді. Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау жұмыстары Атырау қ., Махамбет, Құрманғазы және Мақат ауылдарында орналасқан 4 Жол пайдалану учаскелерімен  және Құлсары қ., Сағыз, Аққыстау және Индер ауылдарындағы 4 Жол пайдалану бөлімшесі арқылы жүргізілуде. Қауіпті учаскелерде жол жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты қозғалысты шектеу немесе жолдарды уақытша жабу туралы шешімдер төтенше жағдайлар департаменті, әкімшілік полиция және жол қызметтерімен бірлесіп қабылданады. Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы кезінде жол пайдаланушыларға жедел көмек көрсету мақсатында «1403» бірыңғай байланыс орталығы арқылы келіп түскен өтініштер жедел түрде қаралып, тиісті шаралар қабылдануда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.