
16 қаңтар күні сағат 13:00 шамасында «Көкарна мектебі» аялдамасы маңында №51 бағыттағы автобуста жолаушылар арасында жанжал болды.
Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде тарады: кадрларда екі жолаушы бір-бірімен щаштасып жатқаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жасы үлкен әйел белсендірек әрекет жасап, қарсыласының басынан ұрған.
Жолаушылар сөзге келіспей қалып, басқа жолаушылар араласуға тырысқанымен, ол тез арада қол жұмсауға ұласты.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жанжалға қатысушылардың бірі — 2007 жылы туған қыз. Қақтығысқа автобустың ішіндегі орынға талас болғаны айтылады.
Оқиға кезінде қыз 102 қызметіне хабарласқан, алайда екінші қатысушы полиция келгенге дейін автобустан шығып кеткен.
Атырау облыстық полиция департаменті аталған бейнежазбадағы құқықбұзушылыққа жол берген әйел адамның анықталғанын хабарлады. Оған қатысты ұрып-соғу дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда жәбірленуші мен оқиғаның өзге де куәгерлерінен жауаптар алынып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -8