
Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайда ұшу-қону жолағын қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға арнайы техникалар тартылып, жолаққа 23 тоннадан астам химиялық материал себілді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
14 қаңтар күні жауған жаңбыр мен аяздың күшеюі салдарынан ұшу-қону жолағында көктайғақ пайда болған. Халықаралық азаматтық авиация комитетінің (ИКАО) кодына сәйкес оның жағдайы «нөлдік» деңгейде бағаланып, қауіпсіздік мақсатында рейстер уақытша тоқтатылды.
«14 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты ұшу-қону жолағында көктайғақ пайда болды. Содан бері қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Басты мақсат – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе кемелерін қауіпсіз қабылдау мен ұшыру. Қазіргі уақытта әуежай қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, рейстерді қайта қалпына келтіруге дайындық жүргізуде», – деді әуежай инженері Андрей Венгринюк.
В Атырау -8