Атырау, 6 ақпан 14:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46

Атырауда NIS-те оқуға құжат қабылдау басталды

Бейнежазба
421 рет қаралды
Сурет: ӨКҚ
Сурет: ӨКҚ

Атырауда Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға құжаттарды қабылдау басталды. Құжат қабылдау 9 ақпанға дейін жалғасады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектеп директоры Ералі Бижанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жыл мектеп үшін нәтижелі болды. Оқу орны Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) реаккредитациясынан сәтті өтіп, білім сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да дәлелдеді.

2025 жылы шамамен 50 оқушы облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Атыраулық оқушылар Жәутіков олимпиадасында және Үндістанда өткен халықаралық астрофизика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, ғылыми жобалар, спорттық жарыстар және халықаралық форумдарда да жетістіктерге жетті.

Оқушылардың халықаралық IELTS емтиханындағы орташа көрсеткіші – 7,5 балл. Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік еңбектері беделді шетелдік басылымдарда жарияланып, ұстаздар халықаралық конференцияларға тұрақты түрде қатысып келеді.

Қазіргі уақытта 7-сыныпқа қабылдау үшін конкурс басталды. Бүгінгі күнге дейін шамамен 500 үміткер құжат тапсырды. Іріктеу ашық форматта, халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

Комплекс­тік тестілеу 27–28 наурызда өтеді. Құжаттарды eGov.kz порталы арқылы онлайн немесе мектептің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыруға болады. Қабылдау талаптары мен тапсырмалар үлгілері www.nis.edu.kz сайтында жарияланған.


16 қаңтар, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.