Атырау, 16 қаңтар 11:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

​КҚК шектеулеріне байланысты ҚМГ 300 мың тонна мұнайды басқа бағытқа жөнелтті

103 рет қаралды

ҚазМұнайГаз 2025 жылы желтоқсанда Каспий Құбыр Консорциумының шектеулері кезінде шамамен 300 мың тонна мұнайды басқа бағыттарға жөнелтті.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылдың соңында Каспий Құбыр Консорциумы бойынша мұнай тасымалдаудың шектелуіне байланысты Қазақстан мұнайын «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) жүйесі арқылы басқа экспорттық бағыттарға жөнелту бойынша жедел жұмыс жүргізілді. 

Шамамен 300 мың тонна мұнай көлемі ҚТО жүйесі бойынша экспорттық бағдарлар, соның ішінде Германия, Қытай, Баку-Тбилиси-Жейхан, Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы жеткізу үшін қайта бағытталды. 

Компанияда 2026 жылғы қаңтарда Каспий Құбыр Консорциумы тарапынан мұнай қабылдауда сақталып отырған шектеулерді ескере отырып, мұнайды қайта бағыттау жөніндегі іс-шаралар жалғасатынын атап өтті. 

Сонымен қатар ҚМГ мұнайды тасымалдаудың қосымша бағыттары бойынша жұмыс жалғастырып жатыр. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан мұнайын Германияға (Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына) жеткізу бойынша өсу динамикасы байқалады. Тасымалдау көлемі 2,1 млн тоннаны құрады. 2026 жылы 2,5 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Жейхан бағдары бойынша 2025 жылы қазақстандық мұнайдың 1,3 млн тоннасы тасымалданды. 2026 жылдың болжамды көлемі — 1,6 млн тоннаға дейін.

Одан бөлек Қазақстан мұнайы экспорттық бағытқа — Қытайға тұрақты тасымалданып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-ға 1,1 млн тонна мұнай экспортталды.

Бүгін, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.